13 ақпан Переметный ауылындағы «Еркемай» бөбекжайында «Абай дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби- сазды кеш өтті.
Кештің басты мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Әдеби сазды кешке барлық қызметкерлер қатысып, Абай атамыздың өлеңдері, әндері, қара сөздері орындалып, аударған мысалдарын сахналады.
https://yaslisad-erkemay.rka.kz/kz/zha-aly-tar/100-abaj-dana-abaj-dara-aza-ta.html#sigFreeIdfa0fb211d2













