Біздің «Еркемай» бөбекжайы 1980 жылы құрылған. 140 балаға есептелген. Жалпы көлемі – 140 орын. Мекен- жайымыз: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Құрлысшы көшесі, 2А Телефон:(71130)22-149, 8(71130)40-052, факс(71130) 22-149, электрондық почта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. Бөбекжай 6 топқа есептелген. Ұйықтайтын бөлме, бірлескен музыкалық және спорттық зал бар.Біздің «Еркемай» бөбекжайымыздың жылы шаңырағында балалар ойнайды, ертегілерді тыңдайды, еңбектенеді. Біздің педагогтарымыздың арқасында ойын бөлмелерде, ұйықтайтын бөлмеде, жалпы бөбекжайда үй жылулығы сезіледі. Біздің бөбекжайымыздың педагогикалық ұжымының басты мақсаты - отбасымен ынтамақтастық орнату, ата-аналармен және мектепке ұйым арасында кері байланыс жүргізу. Біз ата-аналарды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу типтік бағдарламасымен таныстырып, біздің жетістіктерімізді көрсетеміз. Біздің бөбекжайымыз ең бастысы бөбектерге қолайлы эмоционалды жағдай жасау, баланың жеке және жас ерекшелігіне сай психикалық және физикалық жағын жан жақты дамыту, мектепке және қоғамға бейімделуіне дайындау деп ойлаймыз. Біз өзіміздің жұмысымызда интеллектуалдық, эстетикалық , рухани- адамгершілік және физикалық жағын дамытатын жаңа әдіс-тәсілдер мен бағдарламалар қолданамыз.













