1-15-ші қыркүйек

Сылдырмақпен

 

1.Бастапқы қалып: отыру, аяқ еденде еркін. Сылдырмақты жоғары көтеріп

сылдырлату, төмен түсіру. Бастапқы қалыпқа оралу. (3-4 рет)

 

2.Бастапқы қалып: тік тұру. Отыру, сылдырмақты еденге қояды, денені тіктеп

көтеру, тәрбиешіге қолдарын көрсету, отыру, сылдырмақты алу, қайта тұру және

тәрбиешіге сылдырмақты көрсету. (4-6 рет)

 

3.Бастапқы қалып: ішпен жату, сылдырмақ ұстаған қолдарды иек тұсына

жасыру. Бастапқы қалыпқа оралу. (3-4 рет)

 

4.Сылдырмақпен еркін қимылдар жасау. Тәрбиешінің соңынан жүру,балалар

сылдырмақты себетке салады.

 

 

 

16-31-ші қыркүйек

Құралсыз

 

1.Бастапқы қалып: тәрбиешіге қарап, тік тұру. Қолын жанына созып, «Құстар қанат

қағады» (4-6 рет)

 

2.Бастапқы қалып: тік тұру. Отырып, саусақтармен тізесін бірнеше рет соғады.

«Құстар жем шоқиды» (4-6 рет)

 

3.Жүгіру-«Құстар ұшады». Тәрбиешінің соңынан жүгіру.

 

1-15-ші қазан

Орамалмен

 

1.Бастапқы қалып: кілемшелерге отыру, орамал оң қолда. Орамалды жоғары көтеріп,

бұлау және төменге тізеге түсіру, бастапқы қалыпқа отыру. (4-6 рет). Сол қолмен де

қайталау.

 

2.Бастапқы қалып: тұру, денеміз тік, орамалды бұрыштарынан екі қолмен

ұстау. Отыру, орамалды бетке апару «тығылдық», тұру, орамалды түсіру

«мұндамыз». (4-6 рет).

 

3.Бастапқы қалып: ішке жату, орамал қолда, алға созу. Қолды жоғары көтеру және

түсіру. (4-6 рет).

 

4.Екі аяқпен бір орында секіру.

Тәрбиешінің артынан жүру, орамалды тәрбиешінің көрсеткен жеріне қою.

 

 

 

16-31-ші қазан

Құралсыз

 

1.Шашырап тұру. Бастапқы қалып: отыру, қол төменде. Қолды алға созып,

тәрбиешіге көрсету, қолды артқа жасыру. Бастапқы қалыпқа оралу. (4-6 рет).

 

2.Бастапқы қалып: денеміз тік, қол төменде, отыру, еденге саусақтарды

тигізу. Бастапқы қалыпқа оралу. (4-6 рет).

 

3.Бастапқы қалып: шалқып жату, қол жанында, аяқты жоғары көтеру, төмен түсіру.

(4-6 рет).

 

4.Бастапқы қалып: дене тік, қос аяқпен «Қоян сияқты секіреміз» секіру. (4-6 рет).

 

1-15-ші қараша

Қапшықпен

 

1.Бастапқы қалып: дене тік, қапшықты басқа қою және оны қолымен ұстап

тұру. Отыру, алдына қарау. Бастапқы қалыпқа оралу. (3-4 рет).

 

2.Бастапқы қалып: ішпен жату, қапшық қолда, қолды алға созу, қапшықты көтеру

және қолын кеуде тұсына тарту, жинап алып, бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

3.Бастапқы қалып: ішпен жату, аяқ бірге, қапшық қолда, кеуде тұсында, аяғын

жоғары көтеру және төменге түсіру. (4-5 рет).

 

4.Бастапқы қалып: тұру, қапшық қолда, қол төменде, қапшықты еденге қою, бір

орында секіру. (15-20 с), еркін жүру.

 

 

 

16-31-ші қараша

Құралсыз

 

1.Бастапқы қалып: тік тұру, қол төменде. Қолды жоғары көтеріп созылу

«біз үлкенбіз», отыру, қолдарын тізелеріне қою: «кішкентаймыз», бастапқы

қалыпқа оралу.(4-5 рет).

 

2.Бастапқы қалып: еденге отыру, аяқ бірге, қол артта еденде. Аяқты тізеден бүгіп,

кеудеге тартып құшақтау, қайта созу: «ұзын және қысқа аяқтар» (4-5 рет).

 

3.Бастапқы қалып: ішке жату, алға қарау, қол иек астында. Қолды созып тәрбиешіге

көрсету. Қолды артқа апару «балықтар жүзеді» . Бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

4.Бастапқы қалып: дене тік, қол төменде еркін. Бір орында секектеу «торғайлар

секіреді». Жәй жүру, гимнастикалық орындыққа отыру.

 

1-15-ші желтоқсан

Текшелермен

 

1.Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде, қол жанында. Қолды алға созып, шынтақтан

бүкпей, текшені бір-біріне соғу. Бастапқы қалыпқа оралу. (6-7 рет).

 

2.Бастапқы қалып:ішпен жату, қолды шынтақтан бүгіп, текшені иыққа апару. Қолды

алға созып, тәрбиешіге текшені көрсету «міне», бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

3.Бастапқы қалып: тік тұру, текше қолда, төменде.Отырып, текшені еденге соғу, тік

тұру, қолды жоғары көтеру, бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

4.Екі аяқпен бір орында секектеу (15-20 с).

 

 

16-31-ші желтоқсан

Құралсыз

 

1.Бастапқы қалып: тік тұру, аяқ алшақ-«паравоз келеді» , «чу-чу-чу» (10-12 рет).

 

2.Бастапқы қалып: арқаға жату, екі қол жанында, аяқты тізеден бүгіп, кеуде тұсына

апарып, қолмен айқастыра құшақтап, бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

3.Бастапқы қалып: дене тік, қол еркін, тез жылдамдықпен отырып, қайта тұру.

(4-5 рет).

 

4.Екі аяқпен алға және артқа секіру (15-20 с), секіруден соң жүру.

 

1-15-ші қаңтар

Ленталармен

 

1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ сәл алшақ, қол төменде, лента бір қолда. Лента

ұстаған қолды айналдыра (шеңбер тәріздес). Қимылдату. Келесі қолға қайталау

(6-8 рет).

 

2.Бастапқы қалып:отыру, аяқ бірге, лента қолда. Алға иілу, (тізені бүкпеу),

Лентаны аяқтың ұшына қойып, бойды түзеу, қолын жоғары көтеру, тәрбиеші

белгісі бойынша алға иілу, лентаны қолға алып, тәрбиешіге көрсету (5-6 рет).

 

3.Бастапқы қалып: арқаға жату, лента қолда, алдында.Бір аяғын көтеру, лентаға

тигізу, аяғын түсіру, бастапқы қалыпқа оралу. Келесі аяққа қайталау.

(әрбір аяққа 2-3 рет).

 

4.Бір орында алға, артқа секіру (20-30с).

 

Бірінің соңынан бірі жүру. Балалр лентаны орнына қояды.

 

 

 

16-31-ші қаңтар

Құралсыз

 

1.Бастапқы қалып: тұру, қол төменде, отыру, қолымен тізені құшақтау. Бой

түзеу, қолды жоғары көтеріп «Орманда биік және аласа ағаштар өседі» бастапқы

қылыпқа оралу.

 

2.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, қол төменде айқастырулы, қолды жоғары

көтеру, тез алға иіліп, қолды екі тізенің тұсынан босату, бастапқы қалыпқа оралу.

(6-8 рет).

 

3.Бастапқы қалып: шалқалап жату, қол кеудеде.Тізеден бүгілген аяқты жоғары

көтеріп, екі қолмен құшақтау. «Қонжық ойнайды» (5-6 рет).

 

4.Екі аяқпен бір орында секіру, қол еркін. «Қоян секіреді» (15-20 с).

 

1-15-ші ақпан

Жалаушамен

 

 

1.Бастапқы қалып: отыру, аяқты алға созу, жалауша бір қолда. Жалау ұстаған қолды

жоғары көтеріп, басынан асыра келесі қолға ауыстыра ұстату, бастапқы қалыпқа

оралу. (3-4 рет).

 

2.Бастапқы қалып: тік тұру, аяқ сәл алшақ, жалауша қолда, қолды жоғары көтеру,

оңға-солға иілу-«жел жалауды тербетеді», бастапқы қалыпқа оралу. (3-4 рет).

3.Бастапқы қалып: отыру, аяқ алшақ, жалаушаны екі қолмен ұстау. Алға иіліп,

жалаушаны еденге соғу, бойды тіктеп, жалаушаны жоғары көтеру. (3-4 рет).

 

4.Жалаушамен бірінің соңынан бірі жүру (15-20 с).

Жүру, жалаушаларды орындарына қою.

 

 

 

16-31-ші ақпан

Құралсыз

 

1.Бастапқы қалып: тік тұру, аяқ алшақ-«паравоз келеді» , «чу-чу-чу» (10-12 рет).

 

2.Бастапқы қалып: арқаға жату, екі қол жанында, аяқты тізеден бүгіп, кеуде тұсына

апарып, қолмен айқастыра құшақтап, бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

3.Бастапқы қалып: дене тік, қол еркін, тез жылдамдықпен отырып, қайта тұру.

(4-5 рет).

 

4.Екі аяқпен алға және артқа секіру (15-20 с), секіруден соң жүру.

 

1-15-ші наурыз

Орындықпен

 

 

1.Бастапқы қалып: орындықта отыру, қолын артта /жасыру/. Қолын жанына және

жоғары көтеру, артына апару, бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

2.Бастапқы қалып: орындықтың жанына тұру, қолмен орындықтың арқасынан ұстау.

Қолмен орындықтың арқасынан ұстап тұрып отыру «жасырыну», орнына тұру

«мұндамын» бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

3.Бастапқы қалып: орындықта отыру, алға иілу, орындықтың астына қарау «не бар?»,

бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

4.Бір орында тұрып секіру (15-20 с). Орындықтар арасымен жүру, орындықтарды

орнына апару.

 

 

16-31-ші наурыз

Құралсыз

 

1.Бастапқы қалып: тік тұру, аяқ алшақ-«паравоз келеді» , «чу-чу-чу» (10-12 рет).

 

2.Бастапқы қалып: арқаға жату, екі қол жанында, аяқты тізеден бүгіп, кеуде тұсына

апарып, қолмен айқастыра құшақтап,бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

3.Бастапқы қалып: дене тік, қол еркін, тез жылдамдықпен отырып, қайта тұру.

(4-5 рет).

 

4.Екі аяқпен алға және артқа секіру (15-20 с), секіруден соң жүру

 

 

1-15-ші сәуір

Доппен

 

1.Бастапқы қалып: отыру, аяқ бірге, доп қолда, қол төменде. Қолды жоғары

көтеріп, допты көрсету, бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

2.Бастапқы қалып: тұру, доп қолда, қол төменде, отыру, допты еденге жеңіл соғу.

(4-5 рет). Тәрбиеші жаттығуды балалармен бірге орындайды.

 

3.Бастапқы қалып: отыру, аяқ бірге, қол тізеде. Қолды жанымен жоғары көтеру,

созылу, қолды төменге түсіру. (4-5 рет).

 

4.Бастапқы қалып: дене тік, доп қолда. Тәрбиеші допты еденге жеңіл соғады,

балалардың назарын доптың секіріп серпілуіне аударады. Тәрбиеші балалардың

жеңіл секіруін ұсынады (15-20 с). Еркін жүру.

 

 

 

16-31-ші сәуір

Құралсыз

 

1.Бастапқы қалып: тік тұру,аяқ алшақ-«паравоз келеді» , «чу-чу-чу» (10-12 рет).

 

2.Бастапқы қалып: арқаға жату, екі қол жанында, аяқты тізеден бүгіп, кеуде тұсына

апарып, қолмен айқастыра құшақтап, бастапқы қалыпқа оралу. (4-5 рет).

 

3.Бастапқы қалып: дене тік, қол еркін, тез жылдамдықпен отырып, қайта тұру.

(4-5 рет).

 

4.Екі аяқпен алға және артқа секіру (15-20 с), секіруден соң жүру.

 

1-15-ші мамыр

Ленталармен

 

1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ сәл алшақ, қол төменде, лента бір қолда. Лента

ұстаған қолды айналдыра (шеңбер тәріздес). Қимылдату. Келесі қолға қайталау

(6-8 рет).

 

2.Бастапқы қалып: отыру, аяқ бірге, лента қолда. Алға иілу, (тізені бүкпеу),

лентаны аяқтың ұшына қойып, бойды түзеу, қолын жоғары көтеру, тәрбиеші

белгісі бойынша алға иілу, лентаны қолға алып, тәрбиешіге көрсету (5-6 рет).

 

3.Бастапқы қалып: арқаға жату, лента қолда, алдында. Бір аяғын көтеру, лентаға

тигізу, аяғын түсіру, бастапқы қалыпқа оралу. Келесі аяққа қайталау.

(әрбір аяққа 2-3 рет).

 

4.Бір орында алға, артқа секіру (20-30с).

Бірінің соңынан бірі жүру. Балалар лентаны орнына қояды.

 

 

 

16-31-ші мамыр

Құралсыз

 

1.Бастапқы қалып: тұру, қол төменде, отыру, қолымен тізені құшақтау. Бой түзеу,

қолды жоғары көтеріп «Орманда биік және аласа ағаштар өседі» бастапқы қылыпқа

оралу.

2.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, қол төменде айқастырулы, қолды жоғары

көтеру, тез алға иіліп, қолды екі тізенің тұсынан босату, бастапқы қалыпқа оралу.

(6-8 рет).

3.Бастапқы қалып: шалқалап жату, қол кеудеде. Тізеден бүгілген аяқты жоғары

көтеріп, екі қолмен құшақтау. «Қонжық ойнайды» (5-6 рет).

 

4.Екі аяқпен бір орында секіру, қол еркін. «Қоян секіреді» (15-20 с).