№ 1кешен
«Біз ояндық»
- «Қолдарымыз оянады» - Б. к.: Шалқасынан жату. Қолдарды жан-жаққа көтеру және төмен түсіру.
- «Аяғымыз оянады» - Б. к.: шалқасынан жату. Кезектесіп оң, содан кейін сол аяғын көтеру.
- «Домалақ нан» - Б. к.: шалқасынан жату. Оң бүйірге, содан кейін ақырындап сол бүйірге домалау.
- «Мысықтар» - Б. к.: Еңбектеп тұру. Алдыға-артқа қарай қозғалу, төмен қарай еңкейіп, шынтақты бүгіп, бастапқы күйге оралу.
Бір орында тұрып қарапайым жүру, жататын бөлмеден аяқ ұшымен шығу.
№ 2 кешен
«Көбелек»
Гүл ұйықтады (Балалар жүресінен отырады да, бастары сәл бүгілген, алақандары жақтың астында орналасқан, көздері жабық).
Кенеттен оянды (Ақырындап көздерін ашып, қолдарын жан-жақтан төменге түсіріп, тұру).
Енді ұйықтағысы келмейді (Балалар тұрып бастарын оңға-солға қарай бұрайды да, саусағымен «істегім келмейді» деп көрсетеді).
Керіліп, күлімдеді (Балалар керіліп, күлімдейді).
Жоғары ұмтылып, ұшты (қолдарын бұлғап, шапқылап жүгіре жөнелді).
№ 3 кешен
«Күннің көзі»
- «Күннің көзі оянады» - Б. к .: шалқасынан жату. Шынтақтап көтеріңкілеп, басты оңға-солға қарай бұру.
- «Күннің көзі қуанады» - Б. к.: шалқасынан жату. Қолмен тізені құшақтап, бір қырдан екінші қырға қарай аунау.
- «Күннің жаттығуы» - Б. к.: шалқасынан жату. Алдымен қолды көтеріп, содан кейін аяқты алдыға-артқа қарай көтеру.
- «Күннің көзі тұрады» - Б. к.: іште жатып, қолды шынтақтан бүгіп жату. Түзу қолға тұрып, аяқты төсектен алмай көтерілеміз.
- «Күннің көзі биікте» - Б. к.: Тізеде отырып, қолмен алдыға қарай таяну. Қолмен көтеріліп, аяқты түзу ұстау.
- «Мен – үлкен күнмін» - Б. к.: төсектің қасында аяқта тұру. Қолды жан-жақтан көтеріп, үстіге қарай тартылу, аяқтың ұшына тұру.
№ 4 кешен
«Күннің тұруы»
Міне күн тұрады- (Балалар жүресінен отырып, қоолдары төмен түсірілген. Ақырындап тұрады).
Жоғары, жоғары, жоғары (Балалар тұрып, қолдарын жоғарыға көтереді).
Түнге қарай күн батады - (Балалар тағы жүресінен отырады).
Төмен, төмен, төмен (Балалар жүресінен отырып, бастарын төмен-жоғары-төмен қарай иеді).
Жақсы, жақсы (Балалар тұрып, алақандарын соғады).
Күннің көзі күлімдейді (Қолдарын белге қойып, оңға-солға қарай бұрылады).
Осындай күннің астында
Көңілді тұрамыз (Бір орында тұрып, бір жаққса, содан кейін екінші жаққа қарай айналамыз).
№ 5 кешен
«Қоян»
Қояным, көңіліңді көтер,
Сұр қояным, тартыла ғой. (Балалар тік тұрып, қолдары денені бойлай тұрады, аяқ ұшына тұрып, қолдарын жан-жақтан жоғарыға қарай көтереміз).
Қояным, бұрыл,
Сұр қояным, бұрыла ғой. (Балалар тік тұрады, қолдары бел тұсында, денелерін оңға-солға қарай бұрайды).
Қояным, биле,
Сұр қояным, биле ғой. (Балалар серіппе жасайды)
Қояным, иіл,
Сұр қояным, иіле ғой. (Денемен алдыға қарай иілу)
Қояным, жүре тұр,
Сұр қояным, жүре ғой. (Бір орында жүру.)
Қоян көпір үстімен жүріп келеді (Ойлы-қырлы жол бойымен жүру).
Төмпешіктен, төмпешіктен өтеді (Резеңке кілемшенің үстімен секіру).
№ 6 кешен
«Жел»
- «Жел» - Б.к.: ішпен жата, қолымыз денемізде, басымыз көтеріңкі, жел сияқты гулейміз.
- «Жел бұлттарды қуады» - Б.к.: Төрт аяқтап тұрамыз. Керуеттің үстінен түспей,денемізді тіке ұстаймыз.
- «Жел гулейді» - Жайлап кілемшенің үстімен жүреміз.
№ 7кешен
«Ормандағы қызықтар»
- «Аю апанында» - Б.к.: ішпен жатып, қолымыз салбыраңқы,бір жақтан екінші жаққа аунаймыз.
- «Ұзын құлақ-сұр қоян» - Б.к.: Аяқты жылдам жоғары-төмен түсіру.
- «Қояндар-қорқақтар» - Б.к.: отырған қалыпта аяғымызды бүгіп,тіземізді құшақтап тығыламыз.
- «Әуес қарғалар» - Б.к.: тізелеп отыру. Тұрып,қолымызбен қанат қағамыз «қар-р».
- «Ағаштағы тиіндар» - Б.к.: керуеттің алдында тұру, қолымыз белде. Серіппе жасап,бұрыламыз.
- «Асыл бұғылар» - Б.к.: Бір орында тұрып ,тіземізді көтеріп жүреміз.
№ 8кешен
"Кірпілер"
- «Кірпілер оянады» - Б.к.: Жатқан қалыпта қолымызды көтеріп,созыламыз. Бастапқы қалыпқа келу.
- «Кірпілер жаттығу жасайды» - Б.к.: то же. Аяғымызды көтеріп,тізерлеп отамыз.
- «Кірпілер демалады» - Б.к.: оңға,солға бұрылу.
- «Кірпілер құтырады» - Б.к.: Аяқ-қолымызды жоғары көтеріп,сілкейміз.
- Дем алу жаттығулары «Алақанымызға үрлейміз»
№ 9 кешен
«Қарша»
- «Қаршалар оянады» - Жатқан қалыпта басымызды оңға, солға бұрамыз.
- «Қаршалар-түбіттер» - Б.к.: аяқ-қолымызды әр жаққа сілкейміз.
- «Қаршалар-балеринкалар» - Б.к.: керуеттің алдында тұру, қолымыз салбыраңқы. Аяқтың ұшымен тұрып,қолымызды жоғары созамыз.
- «Қар жауу» - Б.к.: то же. Баяу отырып-тұру жасаймыз.
- «Қарша биі» - Б.к.: Бір орында аяқтың ұшымен айналу.
№ 10 кешен
«Шымшықтар»
- «Шымшықтар оянды» - Б.к.: Тұрған қалыпта,аяқ алшақ «шымшықтар қанаттарымен бұлғайды».
- «Шымшықтар достарын шақырады» - Б.к.: Қолымыз белде,аяқ алшақ. Оңға бұрылу, айту: "Чик-чирик", солға бұрылу, қайталау.
- «Шымшықтар тамақтанады» - Б.к.: тұрған қалыпта қолымыз түсірулі,аяқ алшақ. Отырып,жерге қолдарын тигізу:клю-клю.
- «Шымшықтар қуанады» - Б.к.: тұрған қалыпта,қолымыз салбыраңқы. Бір орында секіреміз.
№11 кешен
«Әтеш»
1.«Әтеш оянды» - К.ж-Арқасымен жату,қол басында,аяқ бірге .
Аяқ пен қолды жоғары көтеру.қол төмен к.ж
2.«Әтеш жем іздеп жүр» -К.ж-. Отырып ,аяқты бір-біріне қою,қол белде.
Еңкейеміз басымен оңға, солға.
3.«Әтеш су ішіп жатыр» К.ж-төсекте отыру,қолды төмен түсіру тізеге тұру,
қолды жоғары көтеру алдыға еңкейуі.
- «Әтеш секіреді» -Екі аяқты бірге қосып бір орнында секіру.
№ 12 кешен
«Мысық»
- «Мысық оянды»-К.ж-арқаға жатып ,қолын жанына созу.
Тіземізді бүгеміз,аяқты кеудеге тартамыз.тіземізді қолмен құшақтаймыз к.ж.
2.«Мысық ашуланады» -К.ж-отырып,аяқты созу,қолды артқа қарай таяну
тізені бүгу,кеудеге тарту дыбыспен «ф-ф»
- «Мысық демалып жатыр» К.ж – бір қол іште екінші қол кеудеде
ауаны ішке жұту,аузымен дем шығару.
- «Мысық ойнап жүр»-К.ж- тұрып аяқ арақашықта ұстап қол төмен.
Алақанмен шапалақ ауаны ішке жұту,алақанды жайып жан-жаққа – аузымен дем шығару
5.«Мысық секіректеу»-орнында секіру.
№ 13 кешен
«Орманға серуен»
1 «Керілу»-К.ж-.арқаға жатып,қолын жанына созу,керілу.
2 «Тұрамыз»-К.ж.- арқаға жатып,қолын жанын қою,отырып аяқты тіке ұстау,
қолдарынды башайға тарту.
3 «Міне шырша еңкейді, жасыл шыршамыз»-К.ж-тұрып,аяқ арақашықта,
қол төмен алға қарай еңкеуі
4.«Жидек тереміз» -К.ж.-тұрып,аяқ арақашықта, қол төмен. Отырып жидек теру.
- «Қайын»-К.ж. –тұрып, аяқ арақашықта, қол жан-жақта. Башайға тұрып созылу,
қолдарды жөғары көтеру.
№14 кешен
«Көңілді жаттығу»
- «Созыламыз» -К.ж –арқасымен жату, қолды жөғары көтеру,созылу дыбыспен «ох!»
- «Өрмекші»-К.ж-арқасымен жату,аяқпен қол жанына қою.Кезекпен аяқпен қолды бұгу.
- «Бауырсақ» -К.ж- арқасымен жату, қол жанына қою.Аяқтарын кеудеге жеткізу қолдарымен кұшақтап,түзелу к.ж.
- «Балық»-К.ж-Ішімен жатып,қол иектің астында,басты көтеру.аяқпен қолды қозғалту.
№18 кешен
«Алақандар»
- «Алақаныңды көрсет»- Тұрған қалыпта қолымызды созамыз. Алақанымызды «мінекей» деп көрсетеміз.
- «Алақанды соқ» - Отыру,алақанды соғып қайта тұру.
- «Алақанымызбен ойнаймыз» 20 секунд ішінде алақанымызбен жұдырық жасаймыз,бастапқы қалыпқа келу.
- «Тізеңе алақаныңды жеткіз» отырған қалыпта, аяғымызды бірге қосамыз. Алдыға еңкейіп,алақанымызды соғамыз. Б.қ.к.
- «Тату алақандар»- екі-екіден тұрып,қолдарынан ұстап жатын бөлмеден шығу.













