Қыркүйек айы.

Мақсаты: Сергек күйге келтіріп, денелерін қыздырып, қан айналымын қалыптастыру.

1 түрі.

Төсекте:

  1. Бөрене (тікесінен жатып оң, солға аунау)
  2. Велосипедшілер (екі аяғын көтеріп, ввелосипед тепкен қимылды көрсету)
  3. Жүру (жалаң аяқпен өту)
  4. Жүгіру (массаж алашамен жүру)
  5. «Шарды үру» тыныс алуын қалыпқа келтіру.

 

2 түрі.

  1. Қоңыздар (аяқ қолдарын көтеріп, қимылдату)
  2. Қайшылар (қолдарын қиғаштау)
  3. Алашалармен жүру (екі қолдарын жанға созу)
  4. Жүгіріп өту.
  5. Тыныс алу «Сырнайшылар» Қолмен сырнай ұстағанды көрсете, ауыздан үріп шығару.

Қазан айы.

Мақсаты: Біртіндеп ояна бастаған балалардың төсектегі қимылды жаттығулары арқылы денелерін қыздырып, шынықтыру.

1 түрі.

  1. Шалқадан жатып, екі тізені бүге көтеріп, екі қолмен тізені «тук-тук» деп, ұру.
  2. Қолдарымен белден ұстап, аяқтарын кезекпен жоғары көтеру.
  3. Орындыққа келгенше мұрынмен дем алып, ауызбен шығару.
  4. Бұдыр тақтайшамен жай жүру, жүгіру.
  5. Демалу сәті.

 

2 түрі.

  1. Шалқадан жатып оң, сол қолды жоғары көтеріп, түсіру.
  2. Аяқтарын кезекпен көтеріп, айналдыру.
  3. Орындыққа отырып, сырнай тартып, дем шығарып демалу.
  4. Жалаң аяқ жүріп, жүгіру арқылы майтабандылыққа қарсы күресу.
  5. Қолды жаймен көтеріп, мұрынмен дем алып, ауыздан дем шығарып, қолды түсіру.

Ұйқыдан кейінгі жаттығулар

 

Қараша айы.

Мақсаты: Балалардың белсенділіктерін арттырып, ұйқыларынан сергітіп және көңілдерін көтеру көзделеді.

 

1 түрі.

  1. «Қайшы» қолдарын қиғыштау.
  2. Екі қолмен белден ұстап, аяқтарын жоғары көтеріп, қайшылап қимылдау.
  3. Мұрынмен дем алып, ауыздан «м» деп дем шығару.
  4. Бұдыр резеңке мен жолақ тақтайшадан жүру, жай жүгіру.
  5. Дем алу сәті.

 

2 түрі.

  1. Екбетінен жатып, басын көтеріп, алға, оңға, солға қарау.
  2. Екбетінен жатып, аяқтарын тізені бүге, көтеру.
  3. Мұрынмен дем алып, «пуф-пуф» деп дем шығару.
  4. Жалаң аяқ резеңке мен тақтайшамен жүріп өтіп, жай жүгіру.

 

Желтоқсан айы.

Мақсаты: Ояна бастаған балалардың жаттығулар арқылы денелерін қыздырып, шынықтыру.

1 түрі.

  1. Бір орында адымдау, оңға қарай бір адым, жұдырық түю. Солға қарай бір адым, алақанды жаю.
  2. 1-2 басты артқа қарай шалқайту, 3-4 алға қарай ию.
  3. Бұдыр тақтаймен жүру, жүгіру.
  4. Массажды резеңкемен жүру.
  5. Дем алу сәті. «Қаздар» қолдарын созып, «гу-у-у» деп демалу.

 

2 түрі.

  1. 1-2 шапалақтау оңға, 3-4 шапалақтау солға, 5-6 қолдарын көтеру шапалақтау,

7-8 қолдарын тұсіру шапалақтау.

  1. Бір орында секіру, бұрылу 360С7
  2. Әр қадамға шапалақтау, бір орында аяқпен топылдату.
  3. Ирелек тақтаймен жүру, жүгіру.
  4. Дем алу сәті. Қолымызбен алға қарай тербеліп, «чух-чух» деп, «поезд» болып демалу.

 

Ұйқыдан кейінгі жаттығулар Қаңтар айы.

Мақсаты: Қан айналымын арттырып, денелерін шынықтырып, сергіту.

1 түрі.

  1. Шалқадан түзу жатып, оңға, солға аунап, қозғалу.
  2. Қолдарын жоғары созып, бүгу.
  3. Аяқтарымен велосипед тебу.
  4. Бұдыр тақтайша мен резеңкеден жүру, жүгіру.
  5. Демалу сәті «Ку- ка- ре- ку».

 

2 түрі.

 

  1. Қолдарын алға, бас жаққа көтеріп, шапалақтау.
  2. Екбетінен жатып, аяқтарын көтеріп, түсіру.
  3. Екі аяқты қиғаштау.
  4. Бұдырлы төсемдерден жүру, жүгіру.
  5. Демалу сәті, «пуф-пуф» деп, шардың желін шығару, дыбысын салу.

 

Ақпан айы.

Мақсаты: Ұйқыдан кейін балалардың денелерін шынықтырып, ұйқыларынан ояту.

1 түрі.

  1. Төсекте жатып, аяқты кезекпен көтеру.
  2. Орындыққа дейін шаңғы теуіп бару.
  3. Орындыққа отырып, жоғары-төмен қарау.
  4. Бұдырлы төсемдерден жүру, жүгіру.
  5. Демалу сәті, «р-р-р» деп иттің даусымен дем шығару.

2 түрі.

  1. Қолдарын төсекте түзу жатып, жоғары, жанға түсіру.
  2. Орындыққа дейін жыланша жүру.
  3. Ілгекті төсеммен жүріп өту.
  4. Бұдыр ағаштан жүру, жүгіру.
  5. Демалу сәті, «з-з-з»деп масаның дауысымен дем шығару.

 

 

Ұйқыдан кейінгі жаттығулар

Наурыз айы.

Мақсаты: Балаларды өз денсаулықтарын сақтап, күте білуге үйрету. Үнемі жаттығуға дағдыландыру.

 

1 түрі.

 

  1. Төсекте жатып, қолдарын қайшылап, қиғаштау.
  2. Жерге тұрып, аяқты алға кезекпен көтеру.
  3. Орындыққа дейін аю болып жүру.
  4. Ілгекті төсеммен жүріп өту.
  5. Жүгіру, жүру. Демалу сәті, демді мұрынмен алып, «с-с-с» деп дем шығару.

 

2 түрі.

 

  1. Төсекте жатып, қоңыз болып қозғалу,
  2. Төсектен тұрып, екі қол белде, оңға- солға бұрылу.
  3. Орындыққа дейін жыланша жүру.
  4. Бұдыр тақтаймен жүру, жүгіру.
  5. Демалу сәті. Демді мұрынмен алып, тик- так деп дем шығару.

Сәуір айы.

Мақсаты: Балаларды біртіндеп оянып, қимылды жаттығулар жасауға дағдыландыру.

1 түрі.

  1. Шалқадан жатып, екі қолды көтеріп, екі жаққа шынтақты бүкпей созып, қозғау.
  2. Екбетінен жатып, екі аяқты тізені бүгіп, көтеру.
  3. Төсектен тұрып, кедірлі алашамен жалаң аяқ жүру.
  4. Тұзды суда жүру.
  5. Демалу сәті, мұрынмен демді алып, ауызбен «з-з-з» деп дем шығару.

2 түрі.

  1. Қолды, аяқты қайшылап, қозғау.
  2. Оңға-солға бұрылу.
  3. Орындыққа дейін жыланша жүру.
  4. Баспалдақ ағаштың үстімен жүру, жүгіру.
  5. Демалу сәті. «Шарды үру» тыныс алуын қалыпқа келтіру.

 

 

Ұйқыдан кейінгі жаттығулар.

Мамыр айы.

 

Мақсаты: Балалардың денсаулықтарын нығайтып, жаттығулар жасауға деген ынталарын арттыру.

1 түрі.

 

  1. Шалқадан жатып, қолдарын жоғары көтеру, екі жанға созу.
  2. Төсекте оң, солға аунау.
  3. Төсектен түсіп қолды алға созып, отырып, тұру.
  4. Дымқыл алашаның үстімен жүру.
  5. Жүру, жүгіру. Демалу, «у-у-у» желдің гуілдеген дыбысымен дем шығару.

 

2 түрі.

  1. Оң, сол жанымен жатып, қолдарын жоғары көтеру, екі жанға созу.
  2. Төсектен тұрып, екі қол белде, еңкею және шалқаю.
  3. Орнында тұрып, адымдау, жүгіру.
  4. Орындыққа барғанша жерден гүл теру қимылын көрсетіп бару.
  5. Жүру. Демалу, ж-ж-ж деп, қоңыз даусын салып, дем шығару.

 

Маусым айы.

Мақсаты: Ұйқыдан кейін балалардың денелерін шынықтырып, ұйқыларынан ояту.

1 түрі.

  1. Түзу жатып, екі жанға аунау.
  2. Тізені бүгіп, аяқты көтеріп қозғау.
  3. Төсектен тұрып, оңға солға бұрылу.
  4. Дымқыл алашаның үстімен жүру.
  5. Жүру, жүгіру. Демалу сәті «Ку- ка- ре- ку».

 

2 түрі.

  1. Шалқасынан түзу жатып, басын оңға, солға қисайту.
  2. Қоңыз болып, аяқ қолды қозғау.
  3. Резеңке, ілгекті төсеніштерден жүріп өту.
  4. Жәй жүру, жүгіру.
  5. Демалу, мұрынмен демді алып, «пш-пш-пш» деп шығару.