«Өз үйіңді тап»
Өз үйіңді тап Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету. Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер. Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылдам тауып, тұра қалу.
«Мынау қай пішін?»
Мынау қай пішін? Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі. Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
«Суреттерді құрастыр»
«Суреттерді құрастыр» Мақсаты: Талдау және біріктіру қабілетін, кеңістік арақатынастарының заңдылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту Шарты: Балаларға кез-келген кесілген суреттер таратылады да, осы суреттерден бүтін суреттер құрастыру керектілігі түсіндіріледі Көрнекілігі: әр түрлі суреттер: жемістердің,көкөністердің немесе ойыншықтардың суреттері
«Көп және біреу»
«Көп және біреу» Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру. Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер. Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
«Төлдерін тап та, көрсет»
«Төлдерін тап та, көрсет» Мақсаты: Балалардың байқампаздық қасиеті, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу Шарты: тақтада көрсетілген жануарлардың төлдерін сызық сызу арқылы көрсету. Керекті құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: жануарлардың, төлдердің суреттері .
«Үй құрлысының ретін көрсет»
Үй құрлысының ретін көрсет Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту. Қажетті құралдар: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. Ойын барысы: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
«Керісінше айт»
«Керісінше айт» Мақсаты: Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету. Көрнекілік: доп, суреттер. Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Соған байланысты суреттер көрсетіледі.Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.
«Бақшада ма, бауда ма?»
«Бақша да ма,бау да ма?» Ойынның мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру.Олардың айырмашылықтарын түсіндіру Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету арқылы олардың атауларын айтқызады.Сонан соң көкөністердің жерде, жемістердің талда өсетінін түсіндіру арқылы сұрақтар қойып, балалардың ойынға қызығушылықпен қатыстырады Ойынның көрнекілігі: Жемістер мен көкөністердің суреттері
«Таныс пішіндер доминосы»
«Таныс пішіндер доминосы» Мақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді Ойынның көрнекілігі: Пішіндер бейнеленген суреттер
«Үлкен-кіші»
«Үлкен-кіші» Мақсаты: Түстер туралы білімдерін бекіту,заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету.Үлкен-кіші, ұқсас емес деген сөздерді қолдана отырып, зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту Ойынның мазмұны: Әр түрлі көлемдегі ойыншықтар мен жануарлардың суреттерін атай отырып көлемдерін ажыратады Көрнекілігі: Ойыншықтар мен жануарлар суреттері
«Не жоқ?»
«Не жоқ?» Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту, жылдамдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу. Шарты: ойыншықтарды қатар-қатар қойып, балалардың назарын ойыншықтарға аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде педагог ойыншықтардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Керекті құрал-жабдықтар: ойыншықтар
«Танып ал да, атын ата»
Танып ал да, атын ата Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. Қажетті құралдар: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. Ойын барысы: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
«Бес санына шапалақта»
Бес санына шапалақта Мақсаты: Беске дейін санап және тәрбиешінің ұсынысы бойынша әрекетті орындап үйрету. Ойын барысы: ойынды екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5-ке дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсың.
«Не ұшпайды?»
«Не ұшпайды?» Мақсаты: ұшатын және ұшпайтын заттарды ажырата білу Ойынның шарты: Суреттен ұшатын, үшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу. Керекті құрал-жабдықтар: ойыншықтар, құстардың суреттері.
«Кім жылдам?»
«Кім жылдам?» Ойынның мақсаты: шапшандыққа, жылдамдыққа үйенеді . Ойынның шарты: Шашылып жатқан көкністер мен жемістерді екі себетке жинайды Керекті құрал-жабдықтар: жемістер мен көкөністер муляждары.
«Кімге не керек?»
«Кімге не керек» Ойынның мақсаты: Түрлі мамандықтың еңбек құралдарын танып айта білуге үйрету Ойынның шарты: Тәрбиеші тақтаға әр түрлі мамандық иелерінің суретін орналастырады.Үстел үстінде мамандықтарға қажетті құрал жабдықтар бейнеленген кәртішкелер. Тәрбиеші осы бейнеленген кәртішкелерді сәйкестендіріп, өз мамандық иелерінің қасына орналастыру керектігін түсіндіреді. М/ы: тігіншіге-ине,құрылысшыға-қалақ, мұғалімге-кітап т.б Көрнекілігі: Әртүрлі мамандыққа қажетті құрал-жабдықтар бейнеленген карточкалар













